СТУДЕНТ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Студент - ең алдымен жалындаған жас буынның өкiлi. Студент - елiмiздiң мұрагерлерi, ел тiзгiнiн қолға алатын ертiңгi ағалар. Олар елiмiздiң жарқын болашағы. ХХI-ғасырға аяқ басқан, егемендi елiмiздiң болашағы, қазақ жастары Халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң қабырғасында түрiк әлемiнiң жастарымен достық аясында бiлiм алуда.Бiлiмiмен биiктерге самғаған, шығармаларымен егемендiктi, елдiктi, жастықты жырлаған, спортымен әлем сахналарын бағындырған студенттер бiздiң мақтанышымыз! Студенттердiң арасында қазiргi таңдағы республикалық және ғаламдық проблемаларға қалам тартып, жастар атынан үндеу жолдап, замандасына ой салып, дұрыс жолды көрсете бiлетiндерi бар. Олардың мақалалары мен ой толғауларын республикалық әрi халықаралық "Түркiстан", "Жас алаш", "Алтын Орда", "Қазақстан-Zaman" басылымдарында көп кездестiруге болады. Көбiнде журналистика мамандығының студенттерiнiң шығармашылық өнерiне тәнтiмiз. Республикалық басылымдардан көрiнiп жүрген студенттерiмiз Айгүл Сейiлова тамаша сырға толы жырларымен танымал. Қоныс Лира Қазақстандағы және алыс жақын шетелдегi қандас бауырларымыздың сүйiп оқитын "Жас Алаш" газетiне жазып жүрген керемет мақалалары. Оның iшiнде ерекше атап айтуға болатындай қазiргi таңдағы жастар тәрбиесiне болашақ ана тәрбиелеуде ұлттық болмысымызды сақтау керектiгi жайлы "Жан азабы" мақаласын айта аламыз. °ртүрлi тақырыпқа қалам тартып жүрген Қоныс Лираның шығармашылық еңбектерiн мақтанышпен айта аламыз. Мадина Байғұт документальдi фильмдердi түсiрiп, бейне таспада өзiнiң кейiпкерлерiн сомдап жүрген жайы бар. 2002 жылы ақпан айында республика жұртшылығына көрсетiлген "Анадан артық туған, Бекзатым-ау" концертiнде көрсеткен "20 жыл 20 жас" фильмi Бекзаттың қыршын кеткен өмiрiн, оның ерлiгiн ол туралы естелiктермен толықтырған. Түрiк әлемiнiң жыршысы болып жүрген Бахаддин Языжының қаламынан туындаған дүниелер де өз дәрежесiнде жарияланып жүр. Қазақ-түрiк тiлiнде шығатын "Zаман-Қазақстан" газетiнiң оқырмандарын қуантып жүрген өзiмiздiң студентiмiздiң болғаны бiздi қуантады. Университетiмiздiң экономика, өнер факультеттерiнiң студенттерi, "Жас қанат" фестивалiнiң лауреаттары Ләззат Есентаева мен Айнұр Есетовалар, "µлан" тобы елге кең танылып, өз әсем әндерiмен тыңдарман көңiлiнен шығуда. Спорт саласында да елеулi жетiстiктерге жеткен споршыларымызды атауға болады. Олардың арасынан Сидней олимпиадасының жеңiмпазы заң факультетiнiң студенттi Бекзат Саттарханов, Қазақстанның көк байрағын көтерiп, әнұранымызды төбемiзде шырқатты. Сонымен қатар, Мұхтархан Дiлдәбеков Сидней олимпиадасының күмiс жүлдегерi Б.Домбай самбодан әлемнiң үш дүркiн жеңiмпазы, Төреханов Роман самбодан Азия бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi, ±алымжан Құдияров самбодан Молдавиядағы әлем бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi. Қыздар арасында Ләззат Назарова, Гүлмира Ахметова, Гүлжан Жұмановалар Азия бiрiншiлiгiнiң жүлдегерлерi. Университет түлектерi, бокс саңлақтары Азия құрлығы, Азия ойындарының жеңiмпазы, °лем кубогiнiң күмiс жүлдегерi ҚР еңбегi сiңiрген спорт шеберi Қанат Шағатаев, КСРО халықтары спартакиадасының күмiс жүлдегерi, Азияның екi дүркiн чемпионы, 12 Азия Ойындарының жеңiмпазы, Еуропа бiрiншiлiгiнiң жеңiмпазы Мырғазы Айтжанов, Республика чемпиондары °.Сәдiбеков, Д.Тоқмұратовтар, каратэ-додан Азия бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi Венера Исабаеваларды атауға болады. Осындай студент жастардың бiздiң университетте бiлiмiн ұштап, қанаттарын қатайтып бiлiм мен өнердi егiз қозыдай тең алып жүргенi көңiл қуантады. Бiздiң оларға тiлейтiнiмiз, биiктерге самғай берсiн демекпiз.