КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫ
Көңiл сергектiлiк, тек қана сергiтiп қоймай, мәндi де мағыналығымен ерекшеленетiн кештердiң бiрi - КТК (Көңiлдi тапқырлар клубы) сайысы.
Факультет арасында қызу талас-тартыс тудыратын бұл сайыстың атын естiгенде елең етпейтiн құлақ кемде-кем. Тiптi соңғы кездерi студенттердi былай қойып, факультеттердiң деканы, декан орынбасарлары, оқытушылары да жаны шыға жанкүйер болып, өз командасы үшiн отқа да суға да түсiп жатады.


