“Бекзат Саттарханов атындағы “Намыс” жастар қоғамдық
бірлестігінің Жарғысы

Жалпы Ережелер.

1. 1.”Бекзат Саттарханов атындағы “Намыс” жастар  қоғамдық бірлестігі ( бұдан былай-- Бірлестік) ортақ мүдделерді қорғау және жарғыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін құрылған жастардың ерікті одағы болып табылады.
1. 2. Аталуы : “Бекзат Саттарханов атындағы “Намыс“ жастар қоғамдық бірлестігі.

  1. 3. Қоғамдық бірлестік мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлғаның және ұраны, әнұраны мен символдары құқығына ие болады. Өзіне тән дербес балансы, банк мекемелерінде шоты, мөрі мен бұрыштамасы болады.
  2. 4. Қызмет мерзімі шексіз.
  3. 5. Мекен жайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы  Тауке хан даңғылы
  4. 6  Құрылу мерзімінде бірлестік филиалдары жоқ.

 

  1. Бірлестік қызметінің мәні мен мақсаттары.

2. 1. Бірлестік қызметінің негізгі мақсаты:
Жастарды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеу, қазақ тілі мемлекетік тіл ретінде кең көлемде дамуына, ана тілімізді арындай сақтауға,ел бірлігін нығайтуға атсалысу.
2.2    Бірлестік мақсатына жету үшін  жастарға және жастар ұйымдарына ашық болуымен қатар әлеуметтік, ұлттық, идеялық, гуманизм, демократия, адамзаттың ортақ құндылықтары, жастардың адами қалаулары, еріктілік, теңдік,өзін-өзі басқару,жолдастарына қамқор,отансүйгіш патриот,өз ортасын, ана-тілін құрметтеу негізінде қызмет атқарады және алдына төмендегідей міндеттер қояды:

  1. Мемлекеттік тіл-қазақ тілінің  Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуінің бірден-бір кепілі екендігін ескеріп, жастарға ана тілімізді арындай сақтауды және оның кең өріс алуына атсалысуды.

2)  Салыстырмалы түрде қарағанда егемендігімізді алғаннан бері көп уақыт өте қоймаса да, демократиялық өсіміміздің сол уақыт өлшемімен салыстырғанда көп алға кеткендігін ескере отырып, мойындауды.

  1. Салауатты дене тәрбиесіне тиісті дәрежеде белсенділік таныта отырып, рухани-этникалық құндылықтарымызды насихаттау негізінде жастарды “Батыстың рухани интервенциясының” теріс ықпалынан арашалауды.
  2. Діннің-мемлекет қауіпсіздігіне ықпалды күш екендігін ескере отырып, жастарды ислам дінінің экстремистік ағымдарының қоғамдағы теріс әрекеттерін жастар арасында түсіндіріп, “демократия” желімен Қазақстанға аяқ тіреген түрлі секталардың іс- әрекеттерінен жастарды сақтандыруды.
  3. Бірлестік мүшелерінің мүдделерін  үкімет орындары мен басқа да ұйымдарға жеткізу өкілдігін атқару;
  4. Қоғамдық өмірдегі кез келген мәселелердің оң шешімін іздеуге жастарды тәрбиелеу;
  5. Бірлестіктің мақсаттары мен міндеттерін қоғам ішінде насихаттау және түсіндіру;
  6.  Қоғамдық өмірде орын алған түрлі жағдайларға деген жастардың көзқарасын анықтап, дұрыс бағыт беру.

10) Олимпиада  чемпионы Б. Саттархановтың отанына, халқына  деген патриоттық сезімін дәріптей отырып, қазақ жастарының бойында ұлттық рух пен  намысшылдықты тәрбиелеу, “ Ұлт – намысы, менің намысым” атты Бекзаттың пікірін ұран етуді.

 

  1. Бірлестік мүшелерінің құқықтары мен міндеттері.
    1. Бірлестік мүшелерінің құқықтары:
  2. Бірлестіктің басқарушы органдарына басқаларды сайлауға және өзі сайлануға ;
  3. Бірлестіктің басқарушы органдарының талқылауына өз ұсыныстарын енгізуге;
  4. Өз құқығы мен мүддесін қорғау үшін көмек сұрап, белгіленген  тәртіп бойынша Бірлестіктің қолдауына ие болуға;
  5. Бірлестіктің іс – шаралары мен бағдарламаларына қатысуға;
  6. Бірлестік меншігіндегі ақпараттың барлық түрлерін өз жұмысында пайдалануға;
  7. Кеңестік шешімі негізінде Бірлестік есебінен және басқа да заңды қаржы көздерінен көмек алып, түрлі іс- шараларға қатысу,жеңілдіктер алуға;
  8. Бірлестік қызметіне қатысты жиналыстарға қатысу, ұсыныстар енгізу,сын айту, мәселелерді талқылау, өз ойын еркін айту;
  9. Бірлестікке өзінің қатыстылығын көрсетуге;
  10. Бірлестік мүшелігінен өз қалауы бойынша шығуға;
  11. Бірлестіктің жарғысына өзгерістер енгізуді ұсынуға;
    1. Бірлестік мүшелерінің міндеттері;
  12. Осы жарғы талаптарын орындауға;
  13. Бірлестіктің басқарушы органдарының тапсырмалары мен шешімдерін орындауға;
  14. Бірлестікке материалдық    немесе моральдық  зардап беретін   іс- әрекеттердің    орын алуына  мүмкіншілік бермеу, оның мүддесін, беделі мен абыройын  және құқығын барлық деңгейде қорғауға;
  15. Жалпы жиналыстарға және сайланған жағдайда Кеңес жұмыстарына қатысуға;
  16. Бірлестік мүшесі ретінде алуан-түрлі  іс- шараларға қатысатындығы туралы Кеңесті хабардар етіп отыруға;
  17. Бірлестіктің басқарушы органдары мен мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар    барысында әдептілік  (этика ) пен демократиялық нормаларды ұстануға;
  18. Мүшелік жарналарды уақытылы төлеп отыруға;
  19. 3. Жарғы талаптарын бұзған Бірлестік мүшесі Кеңес шешімімен Бірлестік мүшелігінен шығарылуы мүмкін (қараңыз:5. 4.)

 

  1. Бірлестіктің ұйымдық құрылымы.

4. 1. Бірлестіктің құрылымдық бөлімдеріне филиалдар жатады.

  1. 2. Филиалдар Бірлестіктің жоғарғы органы жалпы жиналыспен құралады және бекітіледі.

4. 3.  Филиалдардың жетекшілері Бірлестіктің сенім хаты негізінде жұмыс жасайды.

 

  1. Бірлестік мүшелігіне қабылдау және шығару тәртібі.
    1. Осы  жарғымен келісетін және Бірлестік жұмысына белсенді қатысуды қалайтын Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы азаматтығы жоқ адамдар, шетел азаматтары  бірлестіктің мүшесі бола  алады.
    2. Бірлестік мүшелігіне қабылдау жеке жазбаша өтініші бойынша және мөлшері жалпы жиналыста бекітілген жарнаны төлеу арқылы жүзеге асырыладыБірлестік мүшелігінен шығу Бірлестік мүшесінің  Кеңеске мүшеліктен шығу себептерін көрсете отырып , өз еркімен жазбаша түрде тапсырған  өтініші негізінде жүзеге асырылады.
    3. Бірлестік мүшелері мүшеліктен Кеңес шешімімен төмендегідей жағдайларда шығарылуы мүмкін.
  2. басқарушы органдардың тапсырмаларын орындамаса;
  3. мойнына жүктелген міндеттерден қашқақтаса;
  4. жарғы талаптарын бұзса;
  5. Бірлестік беделін түсірсе;
  6. Мүшелік жарнасын төлемесе;

 

  1. Бірлестіктің  басқарушы органдарын құру тәртібі мен олардың құзыреті. Олардың шешімдерді қабылдау тәртібі.
    1. Бірлестіктің жоғарғы органы жалпы жиналыс конференция болып табылады. Төраға, конференцияға шақыру туралы шешімді және күнтәртібі мен филиалдардың өкілеттіліктері  туралы нормаларды жиналысқа 20 күн қалғанға дейін хабарлайды.
    2. Конференция кемінде 1 рет шақырылады. Жиналыс шешімі, кворум қамтамасыз етілген жағдайда қатысушылардың  жалпы  санының 2/3 даусымен қабылданады.
    3. Конференция құзіреті:

1) Бірлестіктің құрылтай құжаттарын қабылдау, оларға өзгерістер, толықтырулар енгізу;
2)  Бірлестікті ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарату;

  1.  Бірлстіктің басқарушы органдарының құзыретін, ұйымдық                                                        құрылымын, оларды құру және өкілеттіліктерін   тоқтату тәртібін бекіту;
  2. Атқарушы органдардың қаржы есептесімен тапсыруының тәртібі мен мерзімділігін, сондай-ақ бақылау органының тексеру жүргізу тәртібі мен олардың нәтижелерін бекіту;
  3. Заң актілері негізінде Бірлестіктің басқа да заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкілдіктерін құру немесе олардың       жұмысына араласуы туралы шешім қабылдау;
  4. Бірлестік мүшелігіне қабылдау және мүшеліктен шығару тәртібін, мүшелік жарна көлемі мен оны төлеу мерзімін бекіту;
  5. Бірлестік жұмысының негізгі бағыттарын бекіту:
  6. Кеңес құрамын санын анықтап, бір жылға кеңес мүшелерін сайлайды, бекітеді;
    1. Бірлестіктің төрағасын Кеңес мүшелері сайлайды, бекітеді. Бірлестікті басқаруды конференция аралығында Кеңес жүзеге асырады. 
    2. Кеңестің құзіреті:

1)    конференциялар аралығында төрағаның басқаруымен Бірлестік қызметіне жетекшілік етеді;

  1. филиалдар деңгейінде жұмыстарды үйлестіреді;
    1. Кеңес кемінде айына бір рет жиналады. Егер  Кеңес мүшелерінің жартысынан астамы отырысқа қатысса, шешім қабылдауға құқылы. Төраға кеңес мүшелерінің 2/3 дауыс шешімімен қызметінен босатылады және төраға мерзімі бітпесе де өз өкілеттілігін тоқтатуға құқылы.
    2. Төрағаның құзіреті:

1)      осы жарғыға байланысты Бірлестік жұмысын бағыттап отырады;

  1. Конференцияны өткізу үшін ұйымдастыру жұмысын жүргізеді;
  2. басқа да қоғамдық ұйымдармен байланыстарды дамытуды үйлестіреді;
  3. Төраға өзі кеңес мүшелерінің ішінен орынбасарын тағайындайды.
  4. Бірлестікті мемлекеттік органдарға таныстырады;
  5. Кеңес мүшелеріне атқарылған жұмыстар туралы есеп береді;
  6. Кадр мәселесін шешеді.
    1. Бірлестіктің қаржы қызметіне бақылау жасауды, Бірлестік мүшелерінің кеңесінде сайланған ревизиялық комиссия жүзеге асырады. Құрамында 3 адам бар ревизиялық комиссия 1 жыл мерзімге сайланады.
    2. Ревизиялық комиссия мүлікті және ақшалай қаражатты бақылауға құзіретті.
    3. Ревизиялық комиссия өз отырысына кемінде 3 айда 1 рет жиналады. Ревизиялық комиссия қабылдаған шешімдерін Бірлестік кеңесіне мәлімдеп отырады.
    4. Ревизиялық комиссияның төрағасы крнференцияда есеп береді және оның нақтылығы мен әділдігінің жауапкершілігін мойнына алады.
    5. Төраға орынбасарының құзіреті:

1)     Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарады.

7. Бірлестіктің мүліктері мен қаражаттарын қалыптастыру тәртібі.
7.1. Қаражат көздері:

  1. мүшелік жарналар;
  2. ерікті мен қайырымдылық жарналар;
  3. өндіріс пен кәсіпкерлік;
  4. несиелер (ссуда) мен банк несиелері (кредит);
  5. өткізілген іс-шаралардан түсетін кіріс;
  6. басқа да заңға қайшы келмейтін кірістер.
  7. 2.  Бірлестікке берілген мүлікке , сонымен  қатар мүшелік жарнаға Бірлестік мүшелерінің құқы жоқ. Мүшелер, Бірлестік міндеттемелеріне жауап бермейді.

7.3. Бірлестік, жарғыда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру  шеңберінде кәсіпкерлікпен айналысады.  Кәсіпкерлік қызмет Қазақстан Республикасының заңдарының негізінде жүзеге асады.
7.4. Кәсіпкерліктен түскен кіріс мүшелердің арасында бөліске салынбайды. Ол тек жарғы мақсатына жету жолында жұмсалады.

    1. Жарғыда көрсетілген Бірлестік қызметін материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін Бірлестік пен оның құрылымдық бөлімдерінің меншігінде жылжымалы және жылжымайтын мүліктері, ақша және басқа да құнды қағаздары болады.
    2. Бірлестік өз қызметін жүзеге асыру барысында заң бойынша жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді алуға , сатып алуға, беруге, сатуға, жалға беруге,сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.

 

8.Бірлестіктің құқықтары мен міндеттері.
8.1. Бірлестіктің құқықтары:

  1. өзінің қызметі туралы ақпарат таратуға;
  2. мемлекеттік ұйымдарда, соттарда, басқа да қоғамдық бірлестіктерде өз мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға және өкілі болуға;
  3. бұқаралық ақпарат құралдарын ашуға;
  4. баспасөз істерімен айналысуға;
  5. жиналыстар, демонстрациялар, митингтер мен шерулер өткізуге;
  6. халықаралық коммерциялық емес, үкіметтік емес бірлестіктерге кіруге.

8.2. Бірлестіктің міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасының заңдарын және жарғыда қарастырылған нормаларды бұзбауға;
  2. Мүшелерінің теңдігі мен теңқұқықтылығы, мүшелерінің жеке өміріне араласпау, консенсус негізінде шешімдер қабылдау, ортақ мүддеге сай келетін мәселелерде одақтасу принциптерін ұстануға;
  3. Бірлестік мүшелерінің өздеріне қатысты құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құжаттар және шешімдермен танысу мүмкіншілігін қамтамасыз етуге;
  4. қаражаттың түсуі мен жұмсалуы туралы өз мүшелеріне ақпарат беріп отыруға;
  5. Тіркеу органдарына Бірлестік пен оның басшыларының мекен-жайының өзгеруі туралы мәліметтерді хабарлап отыруға.

9. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі.

    1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кеңестің құзырында болып табылады.
    2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бастапқы ұйымдарда, Кеңесте қаралып қабылданады.
    3. Жарғыға өзгерістер мен  толықтырулар енгізу кеңес мүшелерінің 2/3 даусымен  қабылданады.
    4. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс кворумы қамтамасыз етілген жағдайда 2/3 дауыспен қабылданады.
    5. Жарғыға өзгеістер мен толықтырулар енгізуге Бірлестіктің кез-келген мүшесі ұсыныс бере алады.
    6. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бекітілген  заң тәртібі бойынша әділет органдарында тіркеледі.

10.Бірлесікті қайта ұйымдастыру мен тарату тәртібі.
10. 1   Бірлестік өзін қайта ұйымдастыруы    мен таратуы конференция шешімімен, не соттың шешімімен, заңдарда көрсетілген жолмен жүзеге асырылады.
10.2.   Қайта ұйымдастыру мен тарату туралы ұсынысты Бірлестіктің  кез-келген мүшесі енгізе алады.
10.3  Қайта ұйымдастыру мен тарату туралы шешім конференцияға  қатысушылардың  2/3 даусымен заңды болып табылады.
10.4.Таратуды Бірлестік мүшелерінің кеңесінде сайланған тарату комиссиясы жүзеге асырады.

  1. 5. Бірлестік таратылғанда несие берушілердің талаптарын қанағаттандырған соң, қалған мүлік жарғылық мақсаттарға жұмсалады.

 

«Бекзат Саттарханов атындағы
“ Намыс” жастар
қоғамдық бірлестігінің  төрағасы                                        Т.П.Раимбердиев