БАЯНДАМА
17.10.05 ж. Түркістан қаласы
«Б.Саттарханов атындағы «Намыс»» жастар қоғамдық бірлестігі
І – құрылтайында жасалған
БАЯНДАМА
Қадірменді, қонақтар және құрылтай делегаттары!
Сіздер мен біздер бүгін киелі Түркістан топырағында, көкірегінде «Намысы» оянған жастарымыздың нағыз шабыттану жағдайының куәсі болып отырмыз.
Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – Жастар десек, онда болашағымыздың «Бәйтерегіне» нәр беретін тек Намысшыл қазақ жастары екендігіне сенімім мол. Ал жастардың намысын ояту және дұрыс бағыт беру, зерделі де зиялы аға буынның ең негізгі міндеттерінің бірі.
Дегенімен, дәл бүгінгі күні, өкінішке орай, қазақпын деген жастың барлығы ұлттық рухымыздың күш-қуатына өз үлесін қосады дей алмаймын. Әрине, бұл өкініштің негізгі себебі, Кеңестер одағы идеясының жемісі деп қол қусырып отыру, бұл болашақ ұрпақ алдындағы – қылмыс деп түсінемін, қадірменді бауырлар! Сондықтан, бүгінгі күннің ең өзекті проблемаларының бірі - ұлттық идеяны қалыптастыру. Кез-келген идея болашақ құрбаны болмас үшін, жүрекпен қабылданып жүрекпен іске асу керек – ол үшін біз тройболизм дертінен арылып, рушылдық-тайпалық идеядан ұлтшылдық идеяға көшіп, бірігуіміз керек. Сонда ғана, ата-бабалар рухы жаңғырып, шөлейтті құм далаларымыздағы табиғаттың қыспағындағы қалып қойған Сексеуіл ағаштарымыз үлкен Бәйтеректерге айналатынына сенімім мол.
Идеялас делегаттар және қонақтар, ұлтшылдық деген ұғымды біз дұрыс қабылдауымыз керек, яғни, қазақ ұлтының ұлтшылдығы дегеніміз - ол өз елінде, өз жерінде тұрып жатқан ұлттың тілі мен дініне, мәдениеті мен тарихына деген патриоттық сезімі деп білуіміз керек. Ал тәуелсіз Қазақстан Республикасы ұлттық идеясы – болашақта қазақ жерінде қоныстанған ұлттар мен ұлыстардың негізгі идеясына айналуы керек, ал бүгінгі таңда біз халықтар достығын сақтай отырып, басқа ұлт өкілдеріне өкпе артпастан бұрын, бірінші кезектегі мәселе өз ұлтымыздың, яғни қазақпын деген әрбір азматтың бойындағы ұлттық ар-намысты ояту болып табылады.
Бүгінгі таңда Ұлттық рухтың мәртебесін өсіруге күш қайратын аянбай салып жүрген зиялы ағаларымыз да бар. Сол ағаларымызға игі істері үшін Жастар атынан және өз атымнан шексіз алғысымызды білдіргім келеді.
Ал ағалар ісін болашақта жетелеуші және ұлттық идеяның қозғаушы күші Жастар екендігін мойындай келе, бүгінгі қазақ жастарының көпшілігі ана тілін толыққанды меңгермегендігін, бір бөлігі мүлдем білмейтінін ескеретін болсақ, онда біздің тіліміз бен мәдениетіміздің бүгінінен ертеңі қиын жағдайда қалуы әбден мүмкін, яғни біздің ұлттық рухымыздың потенциалды қарсыласы мен жауы өз ішімізде екендігін мойындауымыз керек.
Сондықтан, Қадірменді Намысшыл азаматтар, біздің ең кезек күттірмейтін проблемамыздың бірі - ол қазақ жастары арасында кең көлемде ана тілін арындай қастерлеу, ар-намысын ояту аясында тәрбиелік іс-шараларын қолға алу. Ұлттық идея аясында, өзімізді-өзіміз тәрбиелеп алмай, басқа ұлт өкілдеріне ауқымды, кең көлемде қуаттаушы идеологиялық күш бере алмайтынымыз бүгінгі өмір заңдылығы. Баяғы тоталитарлық режимнің заңдары немесе күштеп идеология қалыптастыру бүгінгі демократиялық қоғамның принциптеріне қайшы екендігін түсінетін болсақ, онда қазақ жастарының тәрбиесіне айрықша және жедел түрде көңіл бөлуіміз керек.
Ана сүтімен келген тілін қастерлемейтін қазақ жастары болашақта ұлтымыздың қандай жанашыры болмақ, қадірменді зиялы қауым және жастар!
Міне, осыдан 26 күн бұрын тіркеуден өткен «Бекзат Саттарханов атындағы «Намыс»» жастар қоғамдық бірлестігінің өмірге келу себептері де осында. Егер бірлестіктің құрылу жағдайлары «арнайы тапсырыс» немесе «бір компаниялық құбылыс туындысы» деп ойлаушылар болса, онда олар өте қателеседі.
Рухы биік жастардың бұл бірлесу идеясы төменнен жоғары қарай қалыптасқан құбылыс екендігін бүгінгі құрылтайға жиналған делегаттарымыздың жүрек қалауымен бас қосуы дәлел емес пе.
Бірлестік құру туралы ой жастар арасында 2004 жылдың қараша айларынан бастап айтыла басталғандығына көпшілігі куә, идея жастар арасында көп қайнады. Әрине, Жастар арасында жүргендіктен ол ой мені де мазалап жүрді. Жасыратын несі бар, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Шымкент институты базасында құрылған «Бәйтерек» Жастар ұйымын Түркістанға көшіру де ойда болғаны рас.
Бірақ, Түркістандағы жастарымыздың өз ойын білдіретін кезеңі жетер деп жүрдім, сондағы белсенді жастарымыздың Ұлттық намысына әсер етуші алғашқы серпіліс күші Тараз қаласында өткен Қазақстан студенттері Альянсының алғашқы құрылтайында болды. Ал содан кейінгісі осы жылдың шілде айында өткен студенттер альянсы семинарынан белсенділеріміздің намыстану серпілісі шешуші жағдайға әкелді.
Нәтижесінде шілде айының орталарында Елбасы жолдауы барысында құрылған «Жасыл ел» және «Құрылыс отрядтары» мүшелерінен құрылған ынталы топ, Жарғыны дайындап, талқылап, ОҚО әділет басқармасына құжаттарды өткізіп, тіркеуден 21 қыркүйекте өтті.
Аз ғана мерзім ішінде мүшелікке өтініш білдіруші азаматтарымыздың саны күннен күнге өсуде, бүгінгі күнге дейінгі мәлімет бойынша бірлестікке 2020 мүше тіркелді.
Құрылымға бастауыш ұйымдар, филиалдар тіркелді, оның ішінде Бекзат Саттархановтың оқыған Ж.Жабаев атындағы мектебі де бар. Бірлестік аясына тек жоғарғы, арнаулы оқу орындарындағы жастарды ғана біріктіру емес, мектеп жасындағы жоғарғы сынып оқушыларын да (14 жастан) бірлестікке тартпақпыз. Бірлестік Жастар ұйымы болғанымен, зиялы ағаларымыз бен апаларымызға есігіміз ашық, оның дәлелі Кеңестер одағы батыры Расул Есетов мырза бірлестік мүшесі.
Аз ғана мерзімде бірлестік мүшелерінің Жарғыдағы мақсаттарын орындау барысында жеткен жетістіктері де бар, атап айтар болсақ:
2.Қыркүйек айының 21-23 аралығындағы Астанада өткен Жастар конгресі форумына бірлестіктен үш мүшеміз қатысып қайтты. Сондағы Жастар конгресі мен студенттер Альянсының жұмысты ұйымдастыру регламентіне, яғни қазақ тілінің орны мен заңдылығын талап ете отырып сынаған, әсіресе, Мырзахан Байболовтың Астана телеарнасына берген сұхбатында осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Білім және Ѓылым министрлігі Жастар және ішкі саясат департаментін сынға алу барысында, келесі күні өткен жиында қазақ тілінің мәртебесіне орын берілген. Осының өзі Намысшыл Жастарымыздың ұлттық рухымызға қосып жатқан зор үлесі деп білгеніміз жөн.
Құрметті делегаттар мен қонақтар!
Сіздерді бірлестік жарғысымен таныстыру жағдайына келсек, негізінен бірлестік мүшелері бастауыш ұйымдарда Жарғымен танысқан, қонақтарымызға көшірмесін бергенбіз.
Бірақ сонда да мен Жарғының негізгі мақсаттарымен Сіздерді таныстырып өтуге рұқсат етсеңіздер.
Бірлестік қызметінің негізгі мақсаты:
Жастарды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеу, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде кең көлемде дамуына, ана тілімізді арындай сақтауға, ел бірлігін нығайтуға атсалысу.
Бірлестік мақсатына жету үшін жастарға төмендегідей міндеттер қояды:
2) Салыстырмалы түрде қарағанда егемендігімізді алғаннан бері көп уақыт өте қоймаса да, демократиялық өсіміміздің сол уақыт өлшемімен салыстырғанда көп алға кеткендігін ескере отырып, мойындауды;
Ал енді Сіздерді «Б.Саттарханов атындағы «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі рәміздерімен таныстырып өтейін:
Мен сөзімді қорытындылай келе жоғарыда айтылған ұлттық идеологияны жасаушы саясаткерлер екендігін, яғни «саясатпен біз айналыспасақ саясат бізбен айналысады» демекші, қоғамдық бірлестік аясында біздің 4 желтоқсандағы өтетін ҚР Президенті сайлауына байланысты өз саяси платформамызды анықтауымыз керек. Сондықтан, біздің бүгінгі күн тәртібімізде осыған байланысты, арнайы сұрақта бар. Саясаттағы әрекетсіздік – қымбатқа түсетінін ұмытпағанымыз жөн, ағайындар!
Қадірменді қонақтар! Мен бүгінгі «Намыс» туының астына бірлескен жастарымызға үлкен үмітпен қарай отырып, олар Қазақстанның болашағы үшін саяси және идеологиялық майданда аянбай тер төгіп қызмет атқаратынына өзімнің сенімімді білдіремін.
Және «Б.Саттарханов атындағы «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі болашақта Республикалық деңгейдегі бірден-бір беделді жастар ұйымына айналатынына сенімім мол.
Жасасын «Б.Саттарханов атындағы «Намыс»» жастар қоғамдық бірлестігі!
Жасасын Түркістан!
Жасасын Қазақстан!