Туыстас, бауырлас мемлекеттер болып табылатын Түркия мен Қазақстанның өзара
туыстық, достық қарым-қатынасын, байланыстарын нығайту және дамыту мақсатында
құрылған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өзінің алғаш
ашылған жылдарынан бастап күні бүгінге дейін республикалық және халықаралық
дәрежедегі әртүрлі ғылыми және мәдени іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп
келеді.
Елге танымал журналист Жанар
Әбділдинаны еске алу мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан
жас қаламгерлер арасындағы V «Жастар жанары» байқауы мәресіне жетіп,
жеңімпаздары анықталды. Осы байқауға қатысқандар арасында универсиетіміздің
Журналистика бөлімінің 1 курс студенті Ақбота Қуатова жеңімпаз атанып, 1-
орынды жеңіп алды.
Байтақ еліміз осыдан 65 жыл бұрын аяқталған Ұлы Отан соғысының Жеңісін бар сән-салтанатымен тойлауда. Біздің оқу орнымыз да бұл айтулы мерекені өз деңгейінде атап өтуге атсалысты. Ұлы Жеңіс мерекеленетін 9 мамырдың қарсаңында университетімізде салтанатты жиын өтіп, Отан үшін от кешкен ардагерлеріміз ардақталып, шейіт кеткен боздақтар рухына тағзым етілді. Университет вице-президенті, профессор Ж.Т.Айменов құттықтау сөзбен жиынды ашып, Ұлы Жеңіс мерекесінің мән-маңызын айта келе, ардагерлерге ұзақ өмір мен денсаулық, елімізге бейбітшілік, жастарымызға шат күлкі тіледі.
Мінеки, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да
65 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігін паш
ететін, тарихта мәңгілік қалатын даңқты күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде
қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан түрлі үлгісін көрсеткен ардагерлер
тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен
жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып,
тынымсыз жұмыс ітеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.
Павлодар қаласында 1-4 сәуір аралығында Дзюдо
күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы Б.Сейсенбаевты еске алуға арналған ХІІІ
Халықаралық турнирде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің палуандары қатысып, жоғары
нәтижелер көрсетті. Атап айтар болсақ,60 кг салмақ дәрежесінде
Дархан Сержанов 1 орын, 100
кг бойынша Жомарт Фазылов 2 орын, 73 кг бойынша Абзал Абылов 2
орын алды. Бапкерлері Ш.Ешметов пен Ж.Қасымбеков.
Экология ғылыми-зерттеу
институтының «Экологиялық бақылау және химиялық талдау» зертханасы Қазақстан
Республикасының аккредиттеу жүйесінде «Сынақ және калибрлеу зертханаларының
құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» ҚР СТ ИСО/ХЭК 17025-2007 талаптарына
сәйкес аккредиттелді. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті, Ұлттық аккредиттеу
орталығы аккредиттеу аттестатын №KZ.И.16.0727 18.03.2010ж. берілді.
Сәуірдің 29-30 аралығында университетіміздің
ұйымдастыруымен «Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық даму
механизмін жетілдірудің өзекті мәселелері» деген тақырыпта Халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.