09.02.2010 ж.
 
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Қазақша Türkçe Русский English
Бас мәзір
Негізгі бет
Жалпы мәлімет
Басқару жүйесі
Бөлімдер
Факультеттер
Конференция
Студенттерге
Фотосуреттер
Веб каталог
Кентау
Ғылым
Намыс
Түркістан
Мемлекеттік сатып алу
Диссертациялық кеңестер
Кері байланыс
Сайт картасы
Сайтты жасағандар
Мұрағат
«Акпан 2010 
ДССБЖСЖ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
e-mail
email.gif
Ауа райы
Валюта
Сілтемелер
b_akorda.jpg
fincenter_kaz.jpg
fingramota_kaz.jpg
b_egov.gif
banner_gov.JPG
KazInform.gif
bannermin.gif 

       

Негізгі бет arrow Жалпы мәлімет

Жалпы мәлімет Баспаға шығару
                                    Image Image
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті туысқан екі халық арасындағы байланысты
нығайтып қана қоймайды, ол белді ғылым шаңырақтарының қатарына қосылады.
Н.Ә.Назарбаев 
Қазақстан Республикасының Президент
і
«... Ұлы ойшыл бабамыз Қожа Ахмет Ясауиге топырағы бұйырған қасиетті ата қонысымыз – Түркістанда шаңырақ көтерген бұл университет әлемдегі ең озық ғылым мен білім ордаларының біріне айналатынына кәміл сенемін».
Сүлейман Демирел
Түркия Республикасының Экс-Президенті

1992 жылы 1 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия Республикасы Премьер министрі С.Демирель кездесуінде Түркістан университетіне “халықаралық университет” мәртебесі берілді. 
1992 жылы 31 қазанда “Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құру туралы” салалық келісім-шарт жасалды.
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті алғашында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылғы 6 маусымдағы №329 Жарлығымен Түркістан Мемлекеттік университеті болып құрылды. 1992 жылғы 31 қазанда Анкарада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтері арасында осы оқу орнын «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келісімге қол қойылды. 
Университет – түркі тілдес мемлекеттер арасында ең алғаш халықаралық мәртебеге ие бірден-бір оқу орны. Мұнда әлемнің 32 түркі жұрағаты тұратын елдерден келген жастар білім алуда. 
Университетте алғаш небәрі 332 студент оқуға қабылданған болса, қазіргі таңда барлығы 30 мыңға жуық студент қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде білім алады, 75 бакалавриат, 20 магистратура және аспирантура бағдарламалары бойынша жоғары білімді кәсіби мамандар дайындалады. 
Білім ордасы Қазақстан мен Түркия Республикалары тарапынан құрылған 10 мүшеден тұратын Үкіметаралық Өкілетті Кеңес арқылы басқарылады. 
Үкіметаралық Өкілетті Кеңесінің бірінші төрағасы Намық Кемал Зейбек 1993-2006 жылдар аралығында университеттің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты. 2006-2008 жылдарда Четин Доған, 2008 жылдан бастап Өкілетті Кеңес төрағасы болып профессор Осман Хората тағайындалды.
 
           Image         Image      Image
           Намық Кемал Зейбек                Четин Доған                  Осман Хората
 
Университеттің алғашқы президенті, х.ғ.д., профессор Мұрат Жұрынұлы Жұрынов 1991-2001 жылдар аралығында университет президенті қызметін атқарды. 2001-2003 жылдар аралығында э.ғ.д., профессор Оразалы Сәбден, 2003-2007 жылдары п.ғ.д., профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиев басқарды. 2008 жылдың қаңтар айынан бастап техника ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Лесбек Тәшімұлы Тәшімов басқарып келеді.
Мұрат Жұрынұлы        Оразалы Сәбден        Серік Жайлауұлы    Лесбек Тәшімұлы 
Жұрынов                                                          Пірәлиев              Тәшімов

 

Халықаралық Қазақ - Түрік университеттің вице - президенттері
 
Image Image Image Image
Махир Накип             Құлбек Ергөбек     Сарсенбек Тұртабаев    Илхами Вурал
     
            Image         Image       Image

           Талжан Раимбердиев            Роза Қадірбаева             Жамбыл Айменов

 

Президент
prezident.jpg 
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Ж О Л Д А У Ы
Интернет арқылы оқыту
555.jpg
Хабарландыру
Түркология журналы
turkologia.jpg
Электронды кітаптар

ebook.gif