Негізгі бет Warning: mysql_query() [function.mysql-query]: Unable to save result set in D:\AppServ\www\includes\database.php on line 289
Алаштың ардагері Бәйкен Әшімов дүниеден озды
Көрнекті мемлекет және қоғам
қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, бұрынғы Министрлер Кеңесі төрағасы,
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің президиум төрағасы Бәйкен Әшімов 93-ке қараған жасында
өмірден озды. Осыған орай университет президенті Л. Тәшімов марқұмның отбасы
мен туыстарына көңіл айту жедел хатын жолдады.
«Бәйкен ағамыз елді индустрияландыру ісі мен қарқынды дамуына көп үлесін
қосқан еді. Бәйкен Әшімов шын мәнінде талантты, талапшыл, білімді, адамгершілік
қасиеттерге бай, аса беделді тұлға бола білді. Халқымыз оның өнегелі өмірі мен
еңбегін ұмытпайды. Бұл кейінгі ұрпаққа жақсы үлгі болады деген сенімдемін»-делінген
жеделхатта.
Бәйкен Әшімов 1917 жылғы тамыздың 10-ында
Ақмола облысы Рузаев ауданындағы Шабақбай ауылында шаруаның отбасында өмірге
келді.
Әртүрлі жылдарда Павлодар
теміржол фабрика-зауыт училищесін, Солтүстік Қазақстан облысындағы Ленин
агрономдық-зоотехникалық ауыл шаруашылығы техникумын, Ленинград
зоология-фитопатология институтын, сондай-ақ СОКП Орталық Комитеті жанындағы
Жоғары партия мектебін бітірді. Бәйкен ағамыз 1938 жылы Қызыл Армия қатарына
шақырылды. Солтүстік-Батыс, Батыс, I-Белорус майданында соғысқа қатысып,
Варшава үшін шайқасты, екі рет ауыр жарақат алған.
Бәйкен Әшімов ҚазақКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметінде болған
кезеңде республикада кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру,
электрлендіру, механикаландыру және өндірісті автоматтандыру белсенді
жүргізілді, жаңа технологиялар енгізілді. Көлік, энергетика, химия және жеңіл
өнеркәсіп, машина жасау салалары шапшаң қарқынмен дамыды, Қазақстанның
экономикалық әлеуеті арта түсті.
Бәйкен Әшімұлының жарқын бейнесі
барлық қазақстандықтардың жүрегінде халқының адал даасыл азаматы ретінде ұзақ уақыт сақталатын
болады.