|
Университет тарапынан ХҚТУ
студенттері арасында «Қысқа метражды фильм» жарысы ұйымдастырылуда. Фильм
тақырыбы мен жарысқа қатысу шарттары төменде көрсетілген:
Тақырып: Еркін тақырып (университет өмірі, студенттік
жылдар, жат елдегі
өмір, қала, тарихи оқиға).
Қатысу шарттары:
* Бұл жарысқа тек ХҚТУ студенттері қатыса алады.
* Жарысқа бір студент немесе бірнеше
студенттен құралған топ болып қатысуға болады.
* Туынды ең кемі 5 (бес) ең көбі 15 (он бес) минутты қамтуы шарт.
*Монтаждау процесі мен туындының
дыбысталуы дайындылған түрде тапсырылуы шарт.
*Студенттер туындыны монтаждау, дыбыстау
сияқты техникалық мәселелерде сырттан қосымша қолдау алуларына болады.
*Дайындалған туынды компьютер негізінде
кино (movie)
форматында болуы керек.
*Қатысушылар ең көп 3 туындымен жарысқа
қатыса алады.
*Жарысқа ұсынылатын туындылар 2010 жылдың
қаңтар айынан кейін түсірілген болуы керек. (Көрсетілген мерзімнен бұрын
түсірілген туындылар қабылданбайды).
* Жарысқа ұсынылатын туындылар БАҚ-та
(интернет, теледидар, радио және т.б.) жарияланбаған болуы тиіс.
* Фильмдерде жеке тұлғаға, ұйымға немесе ұлттық кұндылықтарға қайшы
келетін жәйттерге жол берілмеуі тиіс.
*Жарысқа ұсынылатын туындылар «Түрік
тілі және әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, Сулейман Айдынға тапсырылуы қажет.
*Осы жарысқа орай
ұйымдастырылатын бағдарламада жүлделі орынға ие болған және көрсетуге лайықты
туындылар көпшілікке ұсынылады.
ЖҮЛДЕЛЕР:
1-ші орын - 30.000 теңге
2-ші орын - 20. 000
теңге
3-ші орын - 15. 000
теңге
Ынталандыру сыйлығы: 5000
теңге
Ынталандыру сыйлығы: 5000
теңге
Әділ-қазылар
алқасы осы жүлделерден басқа сапалы шыққан туындыларға қосымша жүлде тағайындай алады.
Өтініш беру мерзімі - 2010 жылдың 13-ші сәуір күніне дейін.
*Жарысқа қатысу ақысыз.
*Жарысқа қатысушылар қосымша мәлімет алу үшін клуб
жетекшісі Сүлейман Айдынға хабарласуларына болады.
|