Негізгі бет Жалпы мәлімет Warning: mysql_query() [function.mysql-query]: Unable to save result set in D:\AppServ\www\includes\database.php on line 289
Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу
Елбасы Н.Ә.Назарбаев қаңтардың 29 жұлдызы күні
Қазақстан халқына өзінің кезекті жолдауын жасады. «Жаңа онжылдық – жаңа
экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталған жолдауында
президент елдегі осы жылғы және де келесі жылдардағы атқарылатын істердің
барлығын дерлік ашық, әрі нақты түрде түсідіріп берді.
Бүкіл әлемдік нарықтағы қиындықтарға қарамастан еліміз дамудың жоғарғы
көрсеткіштерінен ажырап отырған жоқ. Бұған дәлеле ретінде өткен жылы қолға
алынған «Жол картасы», «Жастар практикасы» және де қаржы тапшылығына қарамастан
ұлғайтылған зейнетақыны т.б. игі істерді қосуға болады. Бұл Елбасы мен
Үкіметтің, Парламенттің алға қойылған мақсаттарды тиянақты және жедел орындай
білуінің көрсеткіші деп білу керек.
Биылғы жолдау Қазақстанның 2020 жылға
дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруға арналғандығымен ерекше болды деп
ойлаймыз. 2008 жылы 2000 жылмен салыстырғанда, республиканың ІЖӨ-нің көлемі екі
есе өсті. Еңбекақының орташа айлық есептік көрсеткіші 5 есе, ал зейнетақының
орташа мөлшері 3 есе артты. Күн көріс көлемі жағынан табысы төмен тұрғындардың
үлесі 4 есеге, яғни 50-ден 12 пайызға дейін азайды. Халық денсаулығының негізгі
көрсеткіштері жақсарды. Жүздеген жаңа мектеп және денсаулық сақтау объектілері
салынды.
Мемлекет басшысы болашаққа белгіленген орасан
зор міндеттерді ұйыстырушы ұлттық стратегиясыз орындау мүмкін емес екенін атап
өтті.. Егер қазақстандықтар табысқа қол жеткізгілері келсе, онда әрбір адам
мына төрт қағидатты басшылыққа алуға міндетті:
Біріншіден, біздің ең басты құндылығымыз – ол Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан!
Екіншіден, мемлекет және оның әрбір азаматы қай жерде де қоғамның
тұрақтылығы мен елдің әл-ауқатына кері әсерін тигізуі мүмкін кез келген қадамға
бармауы тиіс.
Үшіншіден, экономикалық өрлеу – әрқайсымызға қатысты бүкілхалықтық іс. Бұл
– қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудің және баршамызды табысқа бастаудың
кілті.
Төртіншіден, өңірлік және әлемдік нарықпен интеграциялану – дамудың аса
маңызды шарты. 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын жүзеге асыра отырып,
қазақстандықтар сапалы медициналық қызметке, білім алуға қол жеткізеді.
Елімізде тұрғын үй-коммуналдық қызметі едәуір артты. Зейнеткерлер, мүгедектер
және тұрмысы төмен отбасылар сенімді түрде қорғалатын болады.
-Біз 2030 жылға дейінгі даму
Стратегиясында айқындалған мақсаттарды жүзеге асыра отырып, тәуелсіздігі бекем,
экономикасы өркендеген, саяси тұрақтылығы орныққан Қазақстанды құру туралы
миссиямызды табысты орындап шығамыз,
- деп атап өтті Қазақстан Президенті. Білім
сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға сай болуы керек, ЖОО үздік рейтингтерді
иеленуге ұмтылулары керек – деп Елбасы білім беру саласында еңбек
етушілердің алдына нақты тапсырма, тың талап қойды.
-Менің қымбатты отандастарым! Өзімнің
үндеуімді аяқтай келе мен біз бәріміз бірге Қазақстанды озық, гүлденген ел ете
алатынымызды айтқым келеді. Халқымызда «Ынтымақты елде бақыт тұрар» деген дана
сөз бар. Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай қазақ елінің
айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік. Біз толайым табыстарға қол жеткізіп,
биік белестерді бағындырдық. Алайда алар асуымыз әлі де алда. Біз сияқты
халқының саны аз, экономикасы даму үстіндегі елге технология мен өркендеу
ауадай қажет. Сонда ғана әлемнің алып мемлекеттері төңірегінде тұрған бізбен
санасады. Құрметті ағайын, ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін
тасытатын үлкен істе баршамызға сәттілік тілеймін!
-Осылайша Елбасы Қазақстанның алдағы 2020 жылға дейін арналған стратегиясы
мен нақты атқарылуға тиіс басым әрекеттерін көрсетіп берді. Алдағы уақыттарда
жодауда көрсетілген тапсырмалардың бізге, яғни, білім беру ісіне қатысты
бөлімдерін басты назарға ала отырып, ондағы атқарылуы тиіс, білім беру нарығын
жақсартуға бағытталған іс – шараларды тиянақты түрде орындап, Халықаралық
статусқа ие болып отырған университетіміздің беделін арттыруға және де Елбасы
атап өткендейелдегі ЖОО арасындағы
рейтингімізді жоғары деңгейге көтеруге бар күш –жігерімізді саламыз деп
ойлаймын. Бұл оқу ордамыздың әрбір мүшесінің алдына қойған мақсаты болуы тиіс.