|
Елбасы жолдауы талқыға түсті |
|
|
Президентіміз өзінің кезекті жолдауын жолдап,
түйткілді біраз мәселенің шешуін тартқаны, кезек күттірмейтін іс-шараларды дер
кезінде атқару керек екендігін баса айтқаны көзі қарақты азаматтарға кеңінен
мәлім.
Тиісінше Елбасының жолдауын
жер-жерлерде талқыға салып, өз салаларына қатысты айтылған тұстарын зерделеп
зерттеп жатқандар да аз емес. Халқаралық статусқа ие болып отырған еліміздегі
ең беделді оқу ордаларының бірі Қ.А.Ясауи
атындағы ХҚТУ-дің Президенті Л.Тәшімов мырза студенттердің басын қосып,
жолдауда айтылған білім саласына қатысты тың жаңалықтар мен өзгерістер жайын
ортақ талқыға түсірді. Биылғы Елбасының жолдауында білім саласына қатысты
көрсетілген негізгі басымдық ол – ЖОО- лар білім деңгейін барынша көтеріп,
өзара рейтингісін жоғарылату үшін жұмыс жасауы керек делінген болатын. Л.Тәшімов мырза -«біздің
университетіміз еледегі ең беделді оқу ордаларының бірі, сондықтан да бұл
деңгейде қалып қоймай, одан да биік белестерді бағындыруымыз қажет»- деп атап
көрсетті. Ол үшін барлық жағдайлардың жасалып жатқандығы, маманданушы жастарға
білімін жетілдіруі үшін әртүрлі жаңа технологиялардың енгізілетінін айтты. Таяу
жылдарда «қашықтықтан оқыту», кітапханалардағы кітаптардың толықтай электронды
нұсқалары жасалатындығын жеткізген ректор ағымдағы жылы университет жанынан
заманауи үлгідегі 400мыңдық қоры бар кітапхана, Түркияның қолдауымен мешіт салынатындығын,
қосымша тағы 500 орындық жатақхананың, жаңадан оқу ғимаратының бой түзейтінін
жеткізді. Осының барлығы болашақта университеттің рейтингісін көтеріп қана
қоймай, заманауи біліммен қаруланған, тәжірибелі мамандардың жаңа легін
қалыптастырады. Биылғы жолдаудағы тағы бір жағымды жаңалық ол – шәкіртақының
мерзімінен бұрын 25% ұлғаятындығы. Осыған орай студенттер қауымы Елбасыға
ризашылықтырын білдірді.
Баспасөз және халықпен қарым-қатынас секторы
|