|
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Дәстүрлі XIX спартакиадасы |
|
 Адамға ең бірінші кезекте керекті нәрсе ол денсаулық. Халықта жақсы сөз бар «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген. Салауатты өмір салтын университетіміздің оқытушы профессорлар арасында кеңінен насихаттау барысында 2010 жылдың кантар айының 5-ші жұлдызы мен 18-ші жұлдызы аралығында университетіміздің дәістүрлі оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер арасындағы 19-шы Спартакиадасы өтті.
 Биылғы Спартакиаданың өз ерекшеліктері болды: мысалы қызықты өтсін деген мақсатпен эстафеталық ойындарды және ату спортын жарысқа қостық. Спартакиада 10 команда арасында 12 спорт түрі бойынша өтті. Спартакиадаға 475 спортшы-қызметкерлер қатысты.
Жалпы спартакиаданың барлық түріне алдын ала дайындалу үшін командаларға жағдай жасалынды. Спартакиада ережесі алдын ала талқыланып, университет президентімен бекітіліп әр командаға жеке-жеке таратылды.2009 жылдың 30 желтоқсанында сағ. 11-де команда жетекшілердің қатысуымен төрешілер мәжілісі өтті. Осы мәжілісте Спартакиада әділ өтсін деген мақсатпен әр спорт түрі бойынша жеребе тартылды.
 Қантардың 5-жұлдызы күні университетіміздің президенті Лесбек Ташимов мырза мен 1-ші вице президент Махир Накип мырзалар 19-ші дәстүрлі спартакиадамызды ресми түрде ашып беріп, алғашқы ойын түрін көріп тамашалады. Жылдағы Спартакиадаларға қарағанда бұл жарыс ерекше қызығушылықпен өтті. Қантар айының 18- жұлдызы күні Спартакиаданың аяқтаушы ойыны ерлер арасындағы Волейбол спорт түрінен болды, ақтық ойындар медицина, заң және филология-дайындық факультеттері кездесті, бірінші орын Медицина, екінші -Заң және үшінші – Филология командалары иеленді. Осы қызықты ойыннан кейін Университетіміздің президенті Л. Ташімов мырза, вице президенттер Махир Накип мырза, Жамбыл Айменов мырзалардың қатысуымен Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және үздік ойыншыларды марапаттаулар өтті. 12 спорт түрі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегер болған командалар грамоталармен марапатталды. Ал командалық есеп бойынша 1- ші орынды Заң факультеті иеленсе, 2-ші орынды Кентау инженерлік педагогикалық факультеті, 3-орынды Филология- дайындық факультеттері иеленді.Үшінші рет қатарынан жеңімпаз болған Заң факультетінің еншісінде ауыспалы Кубок берілді. Олар бағалы заттармен марапатталды, атап айтатын болсақ 1-ші орынға компьютер құралы, 2-ші орынға телевизор, 3-орынға принтер берілді.
|