03.09.2010 ж.
 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Қазақша Türkçe Русский English
Бас мәзір
Негізгі бет
Стратегиялық жоспар
Жалпы мәлімет
Басқару жүйесі
Бөлімдер
Факультеттер
Конференция
Студенттерге
Фотосуреттер
Веб каталог
Ғылым
Институттар
Намыс
Түркістан
Мұражай тарихы
Мемлекеттік сатып алу
Диссертациялық кеңестер
Темпус бағдарламасы
Сайт картасы
Кері байланыс
Мұрағат
«Тамыз 2010 
ДССБЖСЖ
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031         
e-mail
email.gif
Темір жол кестесі
train.jpg
Ауа райы
Валюта
Сілтемелер
b_akorda.jpg
fincenter_kaz.jpg
fingramota_kaz.jpg
b_egov.gif
banner_gov.JPG
KazInform.gif
bannermin.gif 
ec_en.jpg
logo_erasmus.jpg

       

Негізгі бет
Warning: mysql_query() [function.mysql-query]: Unable to save result set in D:\AppServ\www\includes\database.php on line 289

Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып Түркия таны Баспаға шығару
Түркия үшін Қазақстан туралы мәліметтер ХХ ғасыр басында жеткіліксіз болды. Түркия ғалымдары Қазақстанның саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайын тек Мұстафа Шоқайдың “Яш Түркістан” (Жас Түркістан) деп аталатын журналдарынан ғана оқып білді.
Ататүрік кезінде түркологиялық зерттеу жұмыстарының қолға алынып, жандануы нәтижесінде Түркия халқы Қазақстан мемлекеті мен қазақтар туралы мәліметтер ала бастады. Бұл ретте В.В.Бартольд, З. Валиди Тоған, Абдулқадыр Инан, Зүбейр Хамит Кошай, Саадет Шағатай сияқты ғалымдардың Қазақстан жайындағы немесе қазақтар туралы жазған еңбектері мен Түркі университетінде осы тақырыптардағы оқылған дәрістер көп көмегін тигізді. 
Кеңес Одағының ыдырау үрдісінің бастамасы деп саналатын Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының орын алуы Түркиядағы ақпараттық қызығушылықтардың тууына негіз болған еді. Қазақстан Коммунистік лартиясының жетекшісі болған Д.А.Қонаевтың орнына ұлты орыс Геннадий Колбиннің тағайындалуы турасындағы хабар Түркияның «Жумхуриет», «Миллиет» және «Тәржуман» сияқты мерзімді басылымдарында екі күннен кейін жарияланды. Алматыдағы “желтоқсан оқиғасы” турасындағы хабардың газет беттерінде жариялануы саясаткерлер арасында түрлі болжамдар тудырып, қазақ жастарының бас көтеруілері Кеңестер Одағындағы ұлт мәселесінің шешілмеуінен деп түсіндірді
Түркия мен Қазақстан арасындағы ресми байланыс 1990 жылдың желтоқсанында орнатылды. Мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек пен Қазақ мемлекеттік мәдениет комитеті арасында екі ел арасында білім беру жүйесінде, ғылыми жобалар жасау, мамандар мен ғалымдармен тәжірибе алмасу, ортақ мәдени шаралар жүргізу ісі жөнінде келісімге қол қойылды. Бұл келісім ұзақ уақыт бойы үзіліп қалған мәдени байланысты қайта жалғастырды. 
Қазақстан тәуелсіздік алмастан бұрын Түркияның мемлекет басшысы 
Тұрғыт Өзалдың 15 наурызда Қазақстанға ресми сапары және “Қазақ Совет Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасының қарым-қатынасы туралы” келісімшартқа отыруы қазақ-түрік қарым-қатынастыраның достық бағытта одан әрі дамуына, нығая түсуіне алып келді. Бұл келісім-шарт екі ел арасындағы мәдени байланыстардың кеңеюіне және елшіліктер ашуына жол ашты. Тұрғыт Өзалдың бұл сапары түрік қоғамына Қазақстанды жаңа қырынан танытуға жол ашты. Түркияның мерзімді басылымдары Қазақстан мен Түркияның арасындағы болашақтағы байланыстар туралы ашық жазып, Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаевтың Түркияға ресми түрде шақырылғандығы басылды. Негізінде бұл кездесуде Тұрғыт Өзал Нұрсұлтан Назарбаевпен Түркияның нарықтық экономикаға өтудегі тәжірибелері, тұрақты валюта курсын бекітудегі ұсыныстарымен бөлісіп, болашақтағы түрік кәсіпкерлері үшін Қазақстанның лайықты инвестиция шарттарын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде сұхбаттасты. Тұрғыт Өзал журналистерге берген сұхбатында Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыстар одан әрі нығая түсетіндігін айтты . 
1991 жылы 25 қыркүйегінде Н. Назарбаев Түркияға ресми сапармен келді. Оның бұл сапарын Түркия халқы қуанышпен қарсы алды. Түркия президенті Тұрғыт Өзал Қазақстан президентін әуежайдан тікелей өзі қарсы алуы екі елдің арасындағы достықтың нышаны болды. Түркияда болған Н. Назарбаевтың екі күндік сапарының нәтижелері мен тілшілермен болған сұхбатының барысы “Тержуман” газетіне жарияланды. 
1992 жылы 24 қаңтарда түкі тілдес республикалар мен Түркияның көршілес мемлекеттерінен бастап дамушы елдердің өркендеуіне көмек беру мақсатында Сыртқы істер министрлігіне қарасты Түрік ынтымақтастығы және даму агенттігі (ТІКА) құрылды. Бұл агенттікті басқару бұрын Түркияның Жапониядағы елшісі Умут Арык жүктелінді. ТІКА Қазақстанның рухани астанасы болған Түркістан қаласында Ахмет Яссауи кесенесінің жөндеу сияқты үлкен жобаларды жүзеге асырды. Сонымен қатар, сол қалада Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін ашуға мұрындық болды.
Түркияның ұлттық саясатында Қазақстанның алатын орны айрықша. 1992 жылы ақпанда Қазақстанда Түркия елшілігі де ашылды. Екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасы сенім қағаздарымен (грамота) расталынды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Аргун Өзпай сенім қағазын (грамотасын) ұсынды.
Түркия мен Қазақстан елдерінің өкілдері екі елде кезектесе өткізілген достық, ынтымақтастық құрылтайларына, окнференцияларға қатысты. Бұл халықаралық жиындар қазақ-түрік қарым-қатынастарының бағыттарын айқындауға әсерін тигізді. Қазіргі таңда Түркия-Қазақстан байланысы қарыштай дамып, екі ел халықтарының арасындағы достастық нығаю үстінде. 
 
Мұстафа Гөкхан Челик,
Түркиядан келген студент.
3-курс студенті


 

Президент
prezident.jpg 
Интернет арқылы оқыту
555.jpg
Хабарландыру
Түркология журналы
turkologia.jpg
Экология институты
LOGOS_EKO.jpg
Электронды кітаптар

ebook.gif

Анкета
Осы сайттың дизайны ұнай ма?