Илхами Вурал 1952 жылы Кайсері қаласында дүниеге келген. 1970-1974 жылдар
аралығында Анкара университеті, Дінтану факультетін бітірді. 1979-1984 жылдар
аралығында Эржиэс университетінде экономика факультетінде оқып, 1986-1988
жылдары осы университеттің менеджмент бөлімін магистратура бағдарламасы бойынша
тәмәмдаған. Докторантура бөлімін 1988-1991 жылдар аралығында бітіріп шықты.
1992 жылы доцент ғылыми дәрежесін алды.
Отбасылы, екі баласы бар.
Еңбек жолы:
1974-1976 жылдар аралығында Карапынар Имам-Хатип колледжінде директор
орынбасары
1976-1978 жылдар аралығында Әскерлік борышын өтеді
1978-1979 жылдар аралығында Ешилпынар колледжінде оқытушы
1980-1985 жылдар аралығында Дедеман колледжінде директор орынбасары
1985-1989 Эржиэс университеті Гуманитарлық білімдер институтында жауапты
хатшы қызметін атқарды.
1989-1993 жылдар аралығында Эржиэс университеті Экономика факультеті
Менеджмент және маркетинг кафедрасы оқытушысы
1993-1995 жылдар аралығында Эржиэс университетінде Бас координатор
орынбасары
1993-1994 жылдар аралығында Азербайжан республикасы, Үнемдеу және Басқару
институты Менеджмент факультеті оқытушысы
1995-1999 жылдар аралығында Эржиэс университетінде Бас координатор
1999-2002 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің Түркістан орталығының директоры орынбасары жәнеЭкономика факультеті декан орынбасары
2002-2010 жылдар аралығында Эржиэс университетінде Менеджмент және
маркетинг кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.