07.09.2010 ж.
 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Қазақша Türkçe Русский English
Бас мәзір
Негізгі бет
Стратегиялық жоспар
Жалпы мәлімет
Басқару жүйесі
Бөлімдер
Факультеттер
Конференция
Студенттерге
Фотосуреттер
Веб каталог
Ғылым
Институттар
Намыс
Түркістан
Мұражай тарихы
Мемлекеттік сатып алу
Диссертациялық кеңестер
Темпус бағдарламасы
Сайт картасы
Кері байланыс
Мұрағат
«Тамыз 2010 
ДССБЖСЖ
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031         
e-mail
email.gif
Темір жол кестесі
train.jpg
Ауа райы
Валюта
Сілтемелер
b_akorda.jpg
fincenter_kaz.jpg
fingramota_kaz.jpg
b_egov.gif
banner_gov.JPG
KazInform.gif
bannermin.gif 
ec_en.jpg
logo_erasmus.jpg

       

Негізгі бет arrow Басқару жүйесі arrow Вице-президент Жамбыл Талхаұлы Айменов
Warning: mysql_query() [function.mysql-query]: Unable to save result set in D:\AppServ\www\includes\database.php on line 289

Баспаға шығару
ImageТәрбие және ұйымдастыру ісі жөніндегі
вице-президент
Жамбыл Тахаұлы Айменов
 техника ғылымдарының докторы, профессор «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», облыстық маслихаттың депутаты.
Айменов Жамбыл Талхаұлы 1955 ж. туылған, қазақ. Ол 1976 ж.  Қазақ химия-технологиялық институтын (ҚазХТИ) үздік бітіріп, оқытушы қызметіне қалдырылды. 1978 жылдан 1982 жылға дейін Мәскеудегі инженерлік-құрылыс институтының аспирантурасында оқып, ғылым кандидаты дәрежесіне диссертация қорғады.1982-1985 ж.ж. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында факультет деканының орынбасары, кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқарумен бірге, институттың және Жамбыл облысы комсомол комитетінің Жас мамандар мен ғалымдар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.Ж.Т. Айменов 1985 жылдан ҚазХТИ-де  доцент, деканның орынбасары, 1988-1993 ж.ж.  факультеттің деканы кызметін атқарды.            1988    жылдан    облыстық  «Құрылыстағы    техникалық    прогресс    және экономикалық ілім» университетінің ректоры болды.1993-1997 ж. ҚазХТИ-ның проректоры қызметін атқарды. 1996 ж. техника ғылымы докторы дәрежесiне Ресейде диссертация қорғап, 1997 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Шымкент институтының оқу ісі жөніндегі проректоры, 2004 ж. осы университеттің вице-президенті, ал 2006 ж. университеттің Жаратылыстану және медицина институтының директоры қызметін, 2007 ж. Гуманитарлық ғылымдар және бизнес институтының директоры, ал 2008 ж. университеттің вице-президенті қызметін атқарады.Ж.Т.Айменов 1996 жылы "Халықаралық экология және табиғатты пайдалану академиясының" толық мүшесі болып сайланды. 1999 жылы ҚР Жаратылыстану академиясының, Халықаралық психология, кәсіпкерлік және менеджмент академиясының, Халықаралық педагогикалық ғылымдарының академиясының мүшелігіне сайланды. Ал 2009 ж. ҚР Ұлттық жаратылыстану академиясының мүшелігіне сайландыЖ.Т.Айменов ғылыми және әдістемелік  жұмыстарды атқарады. Оның 220 еңбегі бар, оның ішінде ССРО-ның жоғарғы білім министрлігінде Москвада шыққан екі оқулық, "Ғылым" баспасынан шыққан екі ғылыми монографиясы, жалпы төрт монографиясы жарық көрген, үш өнер табысы, патенттері бар. Ол 12 оқулықтың авторы.Ж.Т.Айменов Қызылорданың "Қорқыт-ата" атындағы мемлекеттік университетінің және Алматыдағы НИИСтромпроект - институтының диссертациялық кеңестерінің мүшесі болған, Евразия Ұлттық университетінің докторлық диссертация кеңесінің мүшесі. 3 ғылым кандидаттарын дайындаған, бірнеше аспиранттары бар.Ол Республикалық ғылыми-зерттеу бағдарламалары бойынша бюджеттік және келісім-шарттық ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқарған. Жұмыстарының нәтижелері ҚазССР ХШЖК-нің дипломдарымен, ҚазССР мемлекеттік құрылыс комитетінің Құрмет грамоталарымен, Шымкент облыстық комсомол комитетінің грамоталарымен марапатталған. Ол жетекшілік еткен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Бүкілодақтық           конференцияларда Құрмет грамоталарымен марапатталған. Ж.Т.Айменов ғылыми жұмыстарының нәтижелері Республикалық көптеген жобалау және құрылыс мекемелерінде үлкен экономикалық табыспен ендірілген, олардың ішінде үлкен Алматы Каналы бар. Ж.Т.Айменов жұмысты ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибесі мол маман. Ж.Т.Айменов ерен еңбектері үшін ҚР Білім министрлігінің "Құрмет грамотасымен" (1993 ж.), "ҚР білім беру үздігі" құрмет белгісімен (1996 ж.), "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері (2004 ж.)" медалімен, Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен (2004ж.), Оңтүстік Қазақстан облысының маслихатының Құрмет грамотасымен (2004ж.), педагогикалық қызметтегі табыстары үшін ҚР Білім министрлігінің «Ы.Алтынсарин» медалімен (2006 ж.) және "ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл" медалімен  марапатталған.2000 ж. Ж.Т.Айменовке – «Отырар ауданының құрметті азаматы», ал 2008 ж. «Түркістан қаласының құрметті азаматы» атақтары берілді.2010 ж. облыстық маслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталды.

2006 ж. Ж.Т.Айменовке ҚР Президентінің жарлығымен Республикаға сіңірген еңбегі үшін және ғылым саласындағы, жоғары мектепте мамандар дайындау жұмыстарына қосқан үлесі үші «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 

 

Президент
prezident.jpg 
Интернет арқылы оқыту
555.jpg
Хабарландыру
Түркология журналы
turkologia.jpg
Экология институты
LOGOS_EKO.jpg
Электронды кітаптар

ebook.gif