Ғылыми және халықаралық
қатынастар жөніндегі вице-президент
Раимбердиев Талжан Пердешұлы
Техника ғылымдарының докторы, профессор
1958 жылы Шымкент облысы,Сайрам ауданы Қызыл Ту ауылында көп балалы шаруа отбасында дүниеге келді. 1975 жылы Черноводск селосында С.Орджоникидзе атындағы мектепті үздік бітіріп, еңбек жолын “Чимкентпромстрой” трестінің “Промстрой” ҚБ-да жұмысшы, тас қалаушы болып бастайды. Кейін қазақ химия-технологиялық институтын үздік бітіріп, еңбек жолын ҚазХТИ-дің “Материалдар кедергісі” кафедрасында оқытушы ретінде жалғастырады. 1984-1988 жылдары аралығында Ленинградтағы М.И.Калинин атындағы политехникалық институтының стажер-ізденушісі, күндізгі бөлім аспиранты. 1988 жылы техника ғылымдарының докторы, профессор П.А.Павловтың жетекшілігімен М.И.Калинин атындағы ЛПИ-дың мамандырылған кеңесінде техника ғылымдары кандидаты дәрежесіне диссертациясын қорғап шығады. Кейін ҚазХТИ-де (ОҚТУ) “Теориялық механика және материалдар кедергісі” кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, аға ғылыми қызметкер ретінде қызмет атқарады. 1998 жылы техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ¦ҒА-ның академигі Ө.А.Жолдасбековтің жетекшілігімен “Машиналардың, аспаптар мен аппаратуралардың динамикасы, беріктігі” мамандығы бойынша ИМАШ-те докторлық диссертациясын қорғайды. Кейін М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы деканы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің Шымкент филиалында кафедра меңгерушісі, директордың ғылыми-әдістеме, оқу-әдістеме және оқу-тәрбие жұмыстары, директоры қызметтерін атқарады
2004 жылдан Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеттің Түркістан орталығында оқу-әдістеме және тәрбие жұмыстары жөніндегі вице-президент қызметін, Түркістан Гуманитарлық ғылымдар және бизнес институтының директор қызметін және қазіргі уақытта Жаратылыстану және медицина институтының директоры қызметін атқаруда.
Т.П.Раимбердиев күрделі кернеу жағдайында қайталанған-айнымалы күш шарттарында машиналар мен құрал жабдықтар элементтерінің иілімділігі және беріктігі мәселелері бойынша ғылыми бағытта жұмыс істейді. Иілімділік мәселелері структуралық-изотроптық-кинематикалық модель бойынша қайталанған-айнымалы күш жағдайында материалдың деформациялық анизотропиясы ескеріле отырып шешіледі.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім саласын аттестаттау және қадағалау комитеті құрамында механика бойынша эксперттік кеңесінің төрағасы. Ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде 100-ден аса еңбегі және монографиясы жарық көрді. Сондай-ақ, оның ғылыми жетекшілігімен екі кандидаттың диссертация қорғалды.
Ғылыми еңбектерінің нәтижелері ТММІҒЗИ-ның Колпин бөлімінде (Ленинград обл.), Ижорск машина жасау зауытына (Санкт-Петербор), ЛМЗ-да (Санкт-Петербор), НПО “Прометей” (Санкт-Петербор), ЦНИИТМАШ (Мәскеу) қолданылған.
Т.П.Раимбердиев Д. 14.23.01 диссертация кеңесінің мүшесі, ҚР Білім және Ғылым министрлігі және Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау Комитетінің механика және машинатану ғылымы бойынша эксперттік кеңесінің төрағасы болған, “Хабаршы” журналының редакция алқасының мүшесі.
Қоғамдық-саяси көзқарасы эволюциялық жол, Нұр Отан партиясы мүшесі, сонымен қатар Т.Раимбердиев жастардың жалынды жанашыры, оның бастамасымен Шымкент қаласында 2003 жылы “Бәйтерек” жастар ұйымы, ал Түркістан қаласында 2005 жылы Саттарханов атындағы “НАМЫС” жастар қоғамдық бірлестігі дүниеге келді.
Талжан Пердешұлы Раимбердиев Түркістан қалалық мәслихатының 2007 жыл 31 қазан күнгі кезекті сессиясының №2 / 14 – IV шешіміне сәйкес “Түркістан қаласының Құрметті азаматы” атағын алған.