І-Вице-президент
профессор, доктор Макир Накип
1953 жылы Ирактың Керкук қаласында дүниеге келген. Бағдатта лицейді аяқтаған соң, Түркияға оқуға келеді. 1972 жылы Анкара Экономика және сауда академиясында білімін жалғастырып, 1976 жылы бұл оқуды дәрежемен тәмамдайды. 1979 жылы статистикада, 1982 жылы менеджмент саласында магистр дипломын алады. 1985 жылы Гази университетінде менеджмент саласында аспирантураны бітіреді. АҚШ-та тіл және маркетинг саласында екі жыл магистратурада оқиды. 1987-1990 жылдар аралығында Ливияның Өмер Мухтар университетінде оқытушылық қызмет атқарды. Мұнда жасаған үш бөлек ғылыми зерттеуі Араб басылымдарына жарияланған. 1993 жылы Бакуде алғаш рет құрылған Менеджмент факультетінде декан орынбасары болып еңбек етті. Әзербайжан тұтынушысы жөнінде жүргізген зерттеуі Америкада өткізілген менеджмент конгресінде дәрежелі орынға ие болды. 1997 жылы Американың Рутгерс университетінде қонақ зерттеуші ретінде бір жыл жұмыс істеді. Осы мерзім ішінде статистикалық әдістердің маркетингте қалай қолданылатыны тақырыбында екі конференция өткізді. Осы университетте жасаған бір зерттеуі SCSI-ден шығатын Journal of Industrial Marketing басылымында жарық көрді. Сонымен бірге осы журналдың ұсынысымен күні бүгінге дейін редакция мүшесі. 2003-2007 жылдары Эрджиес университеті Экономика және сауда факультетінде декан болып қызмет етті. 2007-2008 жылдары Экономика және әкімшілік ғылымдар факультетіне декан болып тағайындалды.
2000-2002 жылдар арасында Қазақстанда АхметЯсауи университетінде әкімшілік және қаржы істер бойынша вице-президент болып қызмет етті. Осы жылдар аралығында Билиг журналына алғаш рет Қазақстан тұтынушысының әрекеті мен өнімдерге қарым-қатынасы атты тақырыпта мақала жариялады. 1991 жылдан бері Эрджиес университетінде қызмет етіп келген Махир Накип осы университетке қатысты Сәндік өнер факультетінде декан орынбасары болып бір жыл жұмыс атқарды.
Махир Накип маркетинг және менеджмент саласы бойынша алты кітаптың авторы. Бұл кітаптардың екеуі 12 түрік университетінің бакалавр, магистратура және аспирантура бағдарламаларында оқу құралы ретінде пайдаланылуда. Сонымен бірге 43 дана түрікше ғылыми мақаласы жарияланды. Мұның үшеуі халықаралық дәрежеде барлығы 13 ғылыми конгреске маркетинг тақырыбында ұсынылды.
2004-2008 жылдар аралығында министрлікте Ирак мәселесі бойынша кеңесші қызметін атқарды. Осы арада Түрік, Араб және АҚШ телеканалдары арқылы Керкүк қаласының келешегі тақырыбында сөз сөйледі. Сонымен қатар Американың Кембридж және Германияның Нурнберг университеттерінде Ирактың, әсіресе Керкүк қаласының келешегі тақырыбында конференциялар өткізді.
Махир Накиптің Ирак түріктері тақырыбында 4 кітабы бар, оның бірі араб тілінде. Дәл осы тақырыпта ағылшын тілінде бір кітабы таяу күндері шығуға дайын. Сонымен қатар 1999 жылдан бастап екі айда бір рет түрік, араб және ағылшын тілдерінде шығатын Кардашлык журналында мерзімді мақалалар жарияланып келуде. Накип мырзаның түрікмен және Керкүк тақырыбында түрік, араб және ағылшын басылым беттерінде жүзден астам мақалалары жарық көрген.
Махир Накиптің Түркі әлеміне қызығушылығы айрықша. Қазақ мәдениетінен рухани нәр алып, екі баласының есімдерін Гүлбала, Айбала деп қоюы осының дәлелін аңғартса керек.
|