Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Р.І.Қадірбаева 10 қыркүйек 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Нұртас ауылында туылған.
1968 жылы Нұртас ауылындағы Амангелді орта мектебіне барып, 1978 жылы бітіріп шықты.
1978-1983 жылдар аралығында Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университеттің математика факультетінде білім алып, математика мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Еңбек жолын 1983 жылдың тамыз айынан Жезқазған педагогикалық институтының оқытушысы болып бастады.
1983-1986 жылдар аралығында Жезқазған педагогикалық институтының оқытушысы, 1986 жылдан аға оқытушысы, 1989-1990 жылдары Қазақстан Ғылыми Академиясының математика институтында стажер-зертттеуші; 1990-1996 жылдары Шымкент педагогикалық институтының физика-математика факультеті “Алгебра , информатика және есептеу технологиясы” кафедрасының оқытушысы, кейіннен аға оқытушы; 1996-2004 жылы Компьютер орталығының меңгерушісі; 2004 жылдан “Сырттай оқу” факультетінің деканы болып қызмет атқарды.
1996 жылы “Алгебра курсында оқушылардың дедуктивті ойлауын дамытудың әдістемелік жүйесі” тақырыбы бойынша кандидаттық дисертациясын қорғап шыққан.
Жалпы еңбектер саны – 43. “Математика, алгоритмдер, формулалар, ұғымдар” (1992 ж.), “Miсrosoft access” (1999ж.), “Сандық әдістер бойынша лабораториялық жұмыстар” (2000ж.), “Есептеу әдістері бойынша лабораториялық жұмыстар жинағы” (2001ж.), “Microsoft Front Page” (2002ж.), “Miсrosoft Access. Лабораториялық практикум.” (2003ж.), “Программалау тілдерінің теориясы” (2006ж.), “HTML-Internet-те программалау” (2007ж.) атты әдістемелік, оқу құралдарының авторы.
2001-2003 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіндегі педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын беру жөніндегі К-14.20.01. диссертациялық кеңестің мүшесі болған.
2008 жылдың ақпан айынан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Әлеуметтік және өндірістік қызмет жөніндегі вице-президенті қызметін атқарады.
Отбасылы, бір қыз. Екі ұлы бар.